Осы жылдың 12 – 15-ші желтоқсан аралығында "Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый" атты мектепішілік ОНЛАЙН форматтағы байқау өз мәресіне жетті.

15.12.2020

Байқауға 35 үміткер өз жұмыстарын ұсынды
Байқау шарты бойынша үміткер Тәуелсіздік күніне орай 1 минуттық видеобейнесін ұсыну болатын.
Үміткерлер мектебіміздің 58_mektep инстаграм, @58mektepNurSultan фейсбук парақшалары арқылы байқауға түсті.
Әлеуметтік желі қолданушыларының үміткерлерге лайк басу арқылы жеңімпаздар анықталды.
І орын Әбілхан Зере 6 «А» сынып оқушысы
ІІ орын Бактыбаева Айша 6 «Д» сынып оқушысы
ІІІ орын Жұмабай Ақәділ 6 «А» сынып оқушысы
Байқауға қатысып, лайк сандарымен ерекшеленген оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен маратталды
8 «Е» сынып оқушысы Төлеухан Ақжол
6 «А» сынып оқушысы Муканова Айша
7 «В» сынып оқушысы Идрисова Айгерим
9 «Ә» сынып оқушысы Доскенова Сабина
6 «Д» сынып оқушысы Каденова Айсулу
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!
Құрметті байқау қатысушылары және қазақ елі! Баршаңызды еліміз үшін ең қастерлі, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген, еркіндік, бейбітшілік, келісім мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Байқау соңында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші қызу да тартысты өткен байқау қатысушыларына, мақсаттарың айқын, армандарың асқақ, білім мен ғылым жолындағы танымдық белсенділіктерің арта берсін,-деп
мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы Нагима Балатайқызы
Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Жұлдыз Мейрамқызы.
информатика пән мұғалімдері құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено