Күзгі демалыс кезінде 6-15 қараша аралығында «100 кітапқа бір қадам» атты кітап оқу марафоны өтеді.
06.11.2020Күзгі демалыс кезінде 6-15 қараша аралығында «100 кітапқа бір қадам» атты кітап оқу марафоны өтеді.
Оқу марафонының мақсаты: кітап оқуды насихаттау, кітап оқуға шақыру. Мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі берілген, демалыс уақытында оқушыларымыз бір қадам болсын осы мақсатқа жетуге көмектесу.
Оқуға 5-6 сынып
- Роза Мұқанова ««Мәңгілік бала бейне»
- Оспанхан Әубәкіров «Сіз бен біз»
7-8 сынып
- Ысқақ Қалихан «Қоңыр күз еді»
- Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
9-10 сынып
- Әнуар Әлімжанов «Ұстаздың оралуы»
- Сәбит Мұқанов «Мөлдір махаббат»
Лицей оқушыларын марафонға бір кісідей қатысуға шақырамыз. Шығарманы оқып болғаннан кейін, шығармадан алған ой-сезімдері, әсерлері жайлы бейне пікірлерін дайындап,эссе жазып, шығарма бойынша 2 этапты тест өтіледі 15-қарашаға дейін марафон жетекшісіне жіберулері тиіс. Марафон соңында оқырмандар «Кітапқұмар сынып», «Үздік эссе» номинациялары және 1,2,3 дәрежелі дипломдармен(тест нәтижесі бойынша) марапатталып, сыйлықтар табысталады.
Марафонның қорытындысы әлеуметтік желілерге жарияланады.
Community discussions
Обсуждений не найдено
