Бірлескен қызмет  -  мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығының нәтижесі

11.11.2020

"А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей".

Бүгін, 11 қараша күні Жетекші мектеп ретінде қоғамдастық жұмысының жоспарына сәйкес "Бірлескен қызмет  -  мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығының нәтижесі" тақырыбында серіктес мектептермен онлайн вебинар өткізілді. Вебинарға №51 мектеп-гиманзия, №53 мектеп-лицей және №48 мектеп-лицейден 60-ға жуық мұғалімдер қатысты.  Серіктес мектептер өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, өзара пікір алмасты. №51 мектеп-гимназиядан бастауыш сынып мұғалімі Зулкарнаева Дина Амангельдиновна "LS - сабақты зерттеу" тәжірибесінің нәтижесін ұсынды. Сонымен қатар №53 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Схаг Аманкельди мектебінің жаратылыстану бағытындағы пәндерді үш тілде оқытуда кездескен қиындықтары мен оны шешу жолдарын ұсынды. Жетекші мектеп ретінде «Бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі арқылы мұғалімдердің кәсіби даму құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбында өз тәжірибеммен бөлістім. Вебинарға қатысушылардан кері байланыс алынып, пікірі тыңдалып, қортындыланды.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено