Мектеп Президентіне үміткерлерді Teams арқылы сайладық
15.10.2020Мектеп Президентіне белсенді оқушыларымыз аттарын ұсынып, өз бағдарламаларын мектебіміздің әлеуметтік парақшалары арқылы көпшілік қауымға ұсынды. Президентдікке сайлауға 7 оқушы үміткер қатысты. Үміткерлерге дауыс беруді мектеп әкімшілігі Microsoft Foms платформасы арқылы өткізді. Сайлауға 415 оқушы қатысып, 96 дауыс жинап, басымдылықпен 8 «а» сынып оқушысы Абдумуталиб Жасұлан жеңіске жетті. Абдумуталиб Жасұланды жеңісімен құттықтаймыз!
Community discussions
Обсуждений не найдено
