Профориентациялық жұмыс - 2020
22.09.202022.09.2020 ж. онлайн режимінде 11 "А" сыныбының Болашақ түлектері ТЖМ өкілдерімен: Сарыарқа ауданы ТЖБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Д. с. Маметековпен және Сарыарқа ауданы ТЖБ аға инженері аға лейтенант Ж. Т. Жалбыровпен кездесу өтті.
Біздің мектеп оқушыларымен Көкшетау техникалық институтына түсу үшін үгіт және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қажетті сұрақтар бойынша, оның ішінде институтқа түсу ережелері, талапкерлер жиындары кезінде кандидаттардың болу тәртібі, әскери-дәрігерлік комиссиядан өту, дене шынықтыру нормативтерін тапсыру туралы жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының имиджін нығайтуға және жасақтауға ықпал етіп қана қоймай, оқушылардың кәсіби-тұлғалық өзін-өзі айқындауында көмекші болды.


Community discussions
Обсуждений не найдено
