Педагогикалық идеялар фестивалі
27.10.20202020 жылдың 24 қазанында № 85 мектеп-лицейінде Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Мақсаты - мұғалімдердің білім берудегі технологиялар мен әдістемелерді жетілдіру, тәжірибе алмасуға, педагогтердің кәсіби өсуі мен өзін – өзі шығармашылық жағынан жетілдіруін ынталандыру. Сонымен қатар, Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының мектепішілік кезеңінде қалалық кезеңге ұсынылатын мұғалімдер жұмыстарын анықтау.
Байқауға бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты. Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізілді:
- «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсысында шебердің қолы ....»
- «Шығармашылық толқын»
- «Сабақ аяқталған соң»

Community discussions
Обсуждений не найдено
