2019-2020 оқу жылындағы "Оқуға 100 кітап" жобасының жеңімпаздары анықталды!!!
21.10.2020Бүгін мектебімізде 2019-2020 оқу жылында қолға алынған "Оқуға 100 кітап" жобасының жеңімпаздары анықталды. Аталған жоба былтырғы оқу жылында кезең-кезеңімен оқушылардың қатысуымен өткізіліп келе жатып , 2020 жылдың наурыз айында басталған әлемдік пандемия салдарынан кейінге шегерілген болатын. Бүгінгі күні бәйгеге тігілген жүлде өз иесін тапты. Жүлде тапсыру рәсімі барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра өткізілді. Бас жүлде иегерлері 3 "В" сынып оқушысы Есенгазиева Аяжан мен 9 "В" сынып оқушысы Жолдасбек Арсенге бәйгеге тігілген велосипедтер табысталды. Сонымен қатар , белсенділік танытып, жобаның жүзеге асуына өз үлестерін қосқан 3 "Ә" сынып оқушысы Сайлау Айғаным, 4 "Ә" сынып оқушылары Бақытбекұлы Ерасыл, Асхатов Алихан 6 "В" сынып оқушысы Накипбекова Ұлжан, 6 "Ә" сынып оқушысы Ерікұлы Рамазан, 9 "В" сынып оқушысы Олжабай Жанболат алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды.

Community discussions
Обсуждений не найдено
