№8 мектеп лицейі Microsoft Teams платформасында «Адал ұрпақ – ел болашағы» атты тақырыбында жиналыс өткізді.
07.10.2020«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Осындай міндеттерді негізге ала отырып, №8 мектеп лицейінде 7.10.2020ж., Microsoft Teams платформасында «Адал ұрпақ – ел болашағы» атты тақырыбында жиналыс өтті. Клуб мүшелерінің арасында оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен қарауға, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді


Community discussions
Обсуждений не найдено
