Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жұмыс барысынан...

07.10.2020

Құрметті балалар, ата-аналар, әріптестер, сіздерді  өтіп кеткен 5-қыркүйек Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған тілдер мерекесімен құттықтаймын. Біздің №20 орта мектепте тілдер мерекесіне байланысты әр-түрлі  іс-шаралар өткізілді. Іс-шарамыз қызықты жаңашыл онлайн түрде,  өте жоғары деңгейде өтті. Мектебімізде  барлық балалар қызығушылықпен қатыса алды. Сурет көрмесі, Абай оқулары, мақал-мәтелдер сайысы, сөз шебері, пікірталас, латын тілінде диктант әдеби кеш т.б. өткізілді .

«Қазақ тілі»
Авторы: С. Торайғыров

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
«Ана» деген сүйгендік сөз әм менен

Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.












Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено