"Эко Асар" акциясы
07.10.2020«Эко Асар» акциясы «Қалдықты өңдеу – досқа демеу!» ұранымен өткізілді. Іс-шара мақсаты Нұр-Сұлтан қаласында ҚТҚ бөлек жинаудағы экологиялық мәдениетті арттыру, online оқытуды ұйымдастыру барысында әлеуметтік мұқтаж отбасылардың балаларына көмек көрсету.
Акция аясында "Эко! клоундардың" қатысуымен бастауыш сынып оқушыларына арналған Эко-сағаттар өткізілді. 5-11 сынып оқушыларына «ӨКМ Оператор РОП» ЖШС дайындаған бейнематериалдарды пайдалана отырып онлайн сынып сағаттар өтті. Оқушылардың күнделікті өмірде қалдықтарды пайдалану мәдениетін, қаланың табиғи ортасына деген ізгілікті қатынасты қалыптастыру мақсатында «Біз бәріміз планета үшін жауаптымыз» суреттер байқауы, «Made in ECOSTAN» тұрмыстық қалдықтар, қажетсіз заттар мен материалдар эко-жәрмеңкесі, «ECOSTAN-ға саяхат» үздік фоторепортаж байқауы, «DARYN ECOART» ең үздік бейнежазба байқауы өтті.

Қалалық "ЭкоАсар" акциясы аясында №82 "Дарын" мамандандырылған лицейінде 530 кг макулатура жиналып, тапсырылды.


«ЭкоАсар» акциясының қорытындысы
1 "Е "–76кг, бас жүлде
7 "Б" -74кг бас жүлде
6 "А"-55кг, І орын
7 "Ә"- 50кг, І орын
1 "Ғ" -45кг, ІІ орын
1 "Ж"- 45кг, ІІ орын
3 "Б" - 41кг, ІІІ орын
4 "Б" - 38кг, ІІІ орын
7 «Б» сынып оқушысы Болатбек Альмира – 40кг, І орын
6 «А» сынып оқушысы Сарбас Бексұлтан - 40кг, І орын
7 «Ә» сынып оқушысы Болатбай Ақсамал -38кг, ІІ орын
1 «Е» сынып оқушысы Умырзак Зере - 35кг, ІІ орын
5 « Б» сынып оқушысы Калиакпарова Зере – 20кг, ІІІ орын
Community discussions
Обсуждений не найдено
