«Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты байқауының жеңімпазын құттықтаймыз!

02.10.2020

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы ұлы ойшыл, ақын ағартушы, ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты байқау ұйымдастырды.

Мақсаты: Абайды тану, шығармаларын меңгеру, ақын шығармашылығын оқып үйрену арқылы қазақ тілі мен әдебиетінің көркемдік ерекшелігіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру. Байқау екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең «Білгенге маржан» ақынның өлеңдерін жатқа айту. Біріншіт кезеңнен өткен оқушылар екінші кезеңге қатысады.

Екінші кезең «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» эссе жазу.

Осы байқауға мектебіміздің 11-сынып оқушысы Кемеңгер Айсамал қатысып, жүлделі І орынға иеленді.

Мұғалімі Абилова Алима Ораловна


 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено