Бала өкілдіктерін сайлау
02.10.2020№63 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерін құру бойынша 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен сайлау өткізілді. Сайлау конкурстық негізде өтті. Сайлауға қатысқан әрбір оқушы өзінің бағдарламасын ұсынды. Оқушыларымыз өте белсенді қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
- «Тұлғалық таныстыру» (кандидаттың жеке басын таныстыру);
- Кандидат бағдарламасының тұсау кесері;
- Брифинг (кандидаттарға сұрақтар).
Үш кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған үш үміткер тағайындалады. Олар: 9 «Ә» сынып оқушысы Серікбай Санжар, 8 «А» сынып оқушысы Сағадатова Әсина, 9 «А» сынып оқушысы Қайролла Балауса.

Community discussions
Обсуждений не найдено