«Тілім барда мен мәңгілік өшпеспін»

22.09.2020

Мектебімізде 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай «Айбынды тіл – ел тірегі» тақырыбымен іс-шаралар болып өтті. Мектеп ұстаздары мен оқушыларының, ата-аналарының жүрек төрінен орын алған қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызымен өткен кездесу болатын.

Кездесу мақсаты: Мемлекеттік тіл саясаты туралы, оны ендіру, қолдану туралы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі, ұлттық дәстүрді сақтаудағы тілдің рөлі жайындағы мақалалардың авторы, тіл жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызының өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету. Оқушылардың тілге, Отанға деген құрметін арттыру, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

          Кездесуді мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Қаршыға жүргізіп, «Тілім барда мен мәңгілік өшпеспін» атты кездесуіміздің басты қонағы – Асанғазы Оразкүл Асанғазықызымен қатысушыларды таныстырып өтті.

Оразкүл Асанғазықызы«Керегем саған айтам» кітабының (1998); мемлекеттік тіл саясаты туралы, оны ендіру, қолдану туралы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі, ұлттық дәстүрді сақтаудағы тілдің рөлі туралы, отбасының, әйелдің қоғамдағы рөлі туралы, жарнама туралы, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңына және «Әкімшілік құқық бұзулар туралы» ҚР Кодексіне өзгертулер енгізу туралы 53 мақаланың авторы.

Кездесудің 22 қыркүйек күні өткізілуі де кездейсоқтық емес, неге десеңіз басты қонағымыз Оразкүл Асанғазықызының жас өрендерге «ана тіліміздің тарихы» жайындағы айтқандарын осы күн өзіне бүгіп жатқан еді. Қонағымыздың өмірі де, еткен еңбегі де, істеген ісі де – бәрі-бәрі де біздер, қазіргі ұрпақ үшін үлгі-өнеге.  

Жас ұрпақты тәрбиелеудегі, ұлттық дәстүрді сақтаудағы тілдің рөлі туралы Оразкүл Асанғазықызының өз аузынан есту кездесуге қатысқан ұстаздар, ата-аналар, оқушылар үшін енді қайталанбайтын бір ғанибет сәттер еді...

Мектеп оқушыларының кездесудің ұйытқысы болған мектеп әкімшілігі мен ұстаздары  С.Қаршыға, Г.Коныртаева, Г.Багзи, Б.Ембергеновтерге алғысы шексіз болды.

   



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено