15.09.2020 күні мектебімізге әкімдік қызметкері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері және еріктілерден құралған мониторингтік топ келді.

15.09.2020

15.09.2020 күні мектебімізге әкімдік қызметкері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері және еріктілерден құралған мониторингтік топ келді. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер анықталмады. N35 мектеп-лицейде кіреберісте дезинфекциялық барьер, санитайзерлер, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін белгілер қойылған, жылжымалы жылукөрсеткіш (тепловизор), дезинфекциялаушы кілемшелер, қолданылған маскалар мен қолғаптарға арналған контейнер бар. Мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері, оқушылардың дене температураларын белгілеуге арналған тіркеу журналы жүргізіледі. Еске сала кетейік, мектепте 442  оқушы оқитын 33 кезекші сынып бар. Үзілісте кабинеттер желдетіледі, күн сайын дезинфекциялық құралдармен ылғалды тазалық жүргізіледі.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено