Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы

21.09.2020

Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында 2020 жылдың қыркүйек айына жоспарланған Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдығы онлайн форматта 8 "Б" сыныбында ашық тәрбие сабағы өткізілді. Ашық тәрбие сабағының негізгі мақсаты: оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл – Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан – жақты ерекше тұлға болғандығын жан-жақты таныстыру. Оқушылар сабақта өз ойларымен бөлісіп, жаңа ақпараттармен білімдерін жетілдірді. Қорыта айтқанда,  оқушылар әл-Фараби бабамыздың мұраларын зерттеу, насихаттау, оларды келесі ұрпаққа жеткізуде көптеген іс-шаралардың атқарылуына болашақта үлестерін қосатындықтарын сеніммен айта алды.

  
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено