20.08.2020 күні Біріңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті

21.08.2020

№74 мектеп-гимназиясында 20.08.2020 күні Біріңғай жалпы республикалық «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар жиналысының мақсаты:
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету.

Ата-аналар жиналысындағы күн тәртібіндегі сұрақтар:
 Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары ;
 Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
 Қашықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны
 Қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет-платформасымен танысу;
 Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі;
 Баланың оқу режимі және демалысы;
 Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
 Балалардың интернеттегі жұмысын ата-аналармдың бақылауы ережелерімен танысу;
 Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы;

Сынып жетекшілер ата-аналар жиналысын Microsoft teams платформасы арқылы өткізді. Күн тәртібінде қойылған барлық мәселелер ата-аналар назарына ұсынылды.

  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено