Мектепке қабылдау ережесі
11.08.2020
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия жаңа оқу жылының бірінші тоқсанын дәстүрлі форматта мектепке баратын бастауыш сынып оқушылары «кезекші сыныптардың» қандай тәртіпте оқитыны туралы хабарлайды.
Әлемде болып жатқан індетке байланысты мектептерде «Бір мұғалім – бір сынып» қағидаты енгізілді Жаңа оқу жылында оқыту үрдісі қалай жүргізілетіні туралы таяуда ғана шешім қабылданды. Жаңа оқу жылының І тоқсанында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Білім және ғылым министрінің шешімінен кейін №52 мектеп-гимназия директоры Байтасова Улбосын Бекмурзаевна бастауыш сынып оқушыларын дәстүрлі форматта оқытуға Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназияның бастауыш сынып ұстаздары дайын екенін хабарлайды.
Жаңа оқу жылында қолдануға берілген 625 орынды мектебімізден 39 сынып «кезекші сыныптар» ашылып отыр.
Бастауыш сыныпта (1-4 сынып) оқитын баласы бар ата-ана баласын дәстүрлі түрде мектепте оқытуға өтініш бере алады.
Мектеп қабырғасында дәстүрлі оқу барысында нақты шектеу шараларын есте сақтаймыз.
- Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы керек. Ата-аналарының өтінішімен І тоқсанда дәстүрлі форматта оқитын сыныптағы кабинетте 10-15 баладан артық отырмауы керек. Яғни бір сыныптың өзі топтарға бөлінеді.
- Осы сыныптарға қоңыраулар әртүрлі уақытта соғылады.
- Дене қызуы тұрақты түрде өлшеніп, балалардың денсаулығы қатаң бақылауға алынады. Ата-аналарға мектеп аумағына кіруге тыйым салынады.
Әдетте ағылшын пәнін оқытарда басқа мұғалім келеді. Алайда бұл жерде ондай болмайды. Тек негізгі пәндер ғана оқытылады. Бастауыш сыныптың мұғалімі ғана сабақ өткізеді. Дәстүрлі форматта оқытуға болады деген күннің өзінде сабақтың жартысын біз қашықтан оқыту форматына ауыстырамыз. Ағылшын тілі мәселен қашықтан оқытылады. Мектеп басшысы І тоқсанда дәстүрлі форматта оқитын балалар үшін мектептегі асхана жұмыс істемейтінін жеткіземіз.
Community discussions
Обсуждений не найдено
