ЕЛ ЫҚЫЛАСЫ ҰСТАЗДА

09.06.2020

Оқу жылының соңғы тоқсанындағы қашықтан білім беру жүйесінде ерекше еңбектерімен еленіп, бүгінгі күні елдің жоғарғы марапатына ие болған мектебіміздің білікті ұстаздарын тағы да құттықтаймыз!

Биология пәні мұғалімі - Сапарқызы Шынар білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" ТӨСБЕЛГІСІМЕН, химия пәні мұғалімі - Сайлиханова Манат Бакытовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Медеубаева Шынар Толеевна мен Кусаинова Әсемгүл Кенжебековна, математика пәні мұғалімі - Ибраева Сулушаш Анафияновна ҚР БҒМ-нің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Талантты шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп, еңбектеріңіз еленіп, білім саласында толағай табыстарыңыз мол болсын!














Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено