Ұлы Жеңіске – 75 жыл!

09.05.2020

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы жеңіс күні тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено