"Мұқағали Мақатаев жырлайды" атты поэзия кеші

06.02.2020

Ақпан айының 6-шы жұлдызы №67 гимназияда "Жас ұлан" ұйымының қолдауымен поэзия мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай ұйымдастырылған "Мұқағали Мақатаев жырлайды" атты поэзия кеші өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты, оқушыларды ақын өмірімен, шығармашылығымен таныстыра отырып, елге, тілге деген сүйіспеншілігін ояту еді.
Кешке гимназиямыздың 8, 9, 10-шы сынып оқушылары қатысты. Сахнада ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, өлеңдері оқылды.
Кеш соңын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қорытындылап, қатысқан оқушыларға гимназия директорының атынан алғыс хаттар табыс етті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено