«Шамшырағы қазақтың ұлы Абай» атты білім сайысы

24.02.2020

2020 жылдың 24 ақпан айында Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепің 9-10 сынып оқушылары арасында Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша: Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау, оқушыларды әйгілі ақынның өмірімен,шығармашылық жолымен жан-жақты таныстыра отырып,ұлы қаламгердің шығармаларынан үлгі-өнеге алуына,сөйлеу тілін дамытуға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,оқу сауаттылығын дамыту,ана тілімізді,әдебиетімізді қадірлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында

«Шамшырағы қазақтың ұлы Абай» атты білім сайысы (тест) өткізілді.

Білім сайысын қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері:Расулова Е.А.,Кембаева Н.К., Жусупова Г.С. ұйымдастырды. Білім сайысына 150 оқушы қатысты. Тест нәтижесі бойынша оқушылардың білім сапасы анықталып,жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено