«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шаш өру – қазақ қызына тән әдептілік»

18.02.2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шаш өру – қазақ қызына тән әдептілік» атты оқушылардың ғылыми жобаларының байқауы өтті.


Аталған байқаудың мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.

Оқушылар байқаудың бірінші кезеңінде өз жобаларын аталған тақырып бойынша қорғаса,  екінші кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің менеджемент және бизнес колледжінің мамандары қатысушыларға шаш үлгісінен шеберлік сабақ өткізді. 

Қыз балаларға шаштарын жинауда ұлттық нақыштағы заманауи шашбау, шолпы үлгілерін жасау мен тағудың қыр-сырлары таныстырылды.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено