"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" тақырыбында Абай оқулары байқауы өтті

06.02.2020

Бүгін, 5 ақпан күні мектебімізде "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" тақырыбында Абай оқулары байқауы өтті. Байқаудың мақсаты Абай шығармаларын нақышына келтіре мәнерлеп оқу, поэзияны сүюге, шығармашылыққа баулу. Байқау "Өлең -  сөздің патшасы..." мәнерлеп оқу, "Қарасөзі - өшпес мұра" қарасөздерінен оқу және "Жыр жазғанмын Абайдың үлгісімен" өз шығармаларын арнау сынды  бөлімдерінен тұрды. Барлығы 5-9-сыныптар арасынан 40-қа жуық оқушы қатысты. Әр қатысушы Абай шығармаларын шабыттана жырлап, қарасөздерін жүректен өткізе жеткізіп, арнау өлеңдері арқылы ақындық қабілеттерін көрсетті. Мәнерлеп оқу сайысынан І орынды Амангелді Аружан, ІІ орынды Естемес Балнұр, ІІІ орынды Рамазанова Сабина, қарасөз жарысында І орынды Тұяқбай Ақнұр, ІІ орынды Скендір Аружан, ІІІ орынды Орынбасар Нұрислам, ақындық мүшайрада  І орынды Мейірхан Нұржалғас, ІІ орынды Сағынай Жаннұр, ІІІорынды Шынбергенова Айжан иеленді. Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында "... Ұлылардың өмірі мен тағлымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу ежелден-ақ келе жатқан үрдіс. Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы" дегендей ұлы ақынның мұрасы келер ұрпақтың жарқын болашағы екені сөзсіз.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено