«Шаш өру қазақ қызына тән әдептілік» атты мастер-класс
06.12.2019Қыркүйек айында мектебімізде рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қыз бала мәдениеті: мектеп және дәстүр» атты жобасы бастау алған болатын.
Жобаның мақсаты: Мектеп мәдениетінде қыздардың шаш жинау, өру, бұрым күту, шашбау тағу дәстүрін заманауи тұрғы да жаңғырту.
Күтілетін нәтиже: Мектеп мәдениеті мен дәстүрді заманауи тұрғыдан сабақтастырған жасөспірім қыз баланың моделі.
Бүгін мектебімізде осы жоба жоспары бойынша «Шаш өру қазақ қызына тән әдептілік» атты мастер-класс болып өтті. 
Қаламыздың Менеджмент және Бизнес колледжінің студенттері мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылды.
Community discussions
Обсуждений не найдено
