"Код сағаты" акциясы

13.12.2019

Осымен бесінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан ауқымды жыл сайынғы акция басталады. 2019 жылғы 9-14 желтоқсан аралығында еліміздің барлық өңірлеріндегі орта мектептерде Елбасы Қоры, ҚР Білім министрлігі, Love to Code және Method.kz арнайы бағдарламалау сабақтары ұйымдастырып жатыр.

Іс жүзінде – бұл акция оқушылардың информатикаға, бағдарламашы мамандығына қызығушылығын тудыруға, балаларда бағдарламалау дағдыларын дамытуға ықпал етуге бағытталған жаһандық қозғалыс болып табылады.

Акцияның ауқымды сипаты туралы “Код сағаты” әлемнің 180-нен астам елінде өтеді.

Апта бойы ел оқушылары бағдарламалау негіздерін үйретеді. Мұндай сабақтар еркін қарым-қатынас, ойын түрлері негізінде құрылады. Осы акцияны қолдау мақсатында №8 орта мектептің 5-8 сынып оқушыларынан құралған топ «Шаг Академия» орталығына барып, өздерінің компьютерлік сауаттылықтарын сынап қайтты. Қатысушалардың барлығына «Час кода» сертификаттары мен тәтті шоколод табысталды.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено