Жаңа жылдық құттықтау
26.12.2019«Астана Марриотт» отелінің директоры Онғарбаева Құралай Бауыржановна және менеджерлері №69 мектеп-гимназиясының жетім және мүгедек балаларына жаңа жыл қарсаңында арнайы құттықтаулар мен ізгі тілектерін білдірді. Балаларға жаңа жылдық сыйлықтар сыйлап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Құралай Бауыржановнаға мектеп әкімшілігі атынан шын ризашылығымызды білдіреміз. Асыл уақыттарын бөліп, баланың көңілін көтеруге тырысқан аяз ата мен ақшақарға жұмыстарына табыс, береке тілейміз.

Community discussions
Обсуждений не найдено
