№84 мектеп лицейінде STEM олимпиадасы өткізілді

13.12.2019

Республикамыздың Тәуелсіздігіне 28 жылдығына арнап «LessonStudy» кластер мектептері арасында 10 желтоқсан күні №84 мектеп лицейінде STEM олимпиадасы өткізілді. Олимпиадада оқушылар робототехника және бағдарламалаудан сайысқа түсті. Оқушылар су ұстап тұру башнясын тұрғызу, РобоСумо, РобоФутбол, Scratch 2.0 ортасында бағдарламалау, PascalABC, Python, С++ тілдерінде бағдарламалау, SketchUp/3DMax, AutoDeskи ортасында модель құру атты алты түрлі категорияда сайысты. Олимпиадаға 57 орта мектебінің оқушыларынан құралған команда да барып қатысты. Нәтижесінде оқушыларымыз, әр түрлі категориядан екі І орын, екі ІІ орын, екі ІІІ орынға ие болды. Жалпы командалық есеп бойынша Middleschool категориясы бойынша Гран при иегері атанды. Мектебіміздің командасын жетістіктерімен құттықтаймыз.

dsd

sdsd

sdsd



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено