Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының қабылданғанына 30 жыл

20.11.2019

20.11.19 жылы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп - гимназиясында Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға байланысты 5-11 сыныптар арасында «Біз бақытты баламыз», «Біздің құқығымыз» және т.б. тақырыптарда бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шараның тәрбиелік мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында баланың тұлғалық маңыздылығы мен қадір-қасиетіне деген сенімді дамыту, баланың тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосуды нығайту, баланың әл-ауқаты мен қорғанысына қатысты әлеуметтік және құқықтық қағидаларды қалыптастыру. Оқушылар сабақта топтық жұмыс арқылы тақырып бойынша өз ойларын ортаға сала білді.









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено