«Балалар үшін бірге»

20.11.2019

Дүниежүзілік балалар күні және бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы қабылданғанның 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Балалар үшін бірге» атты тұжырымдамасы тақырыбында 20 қараша күні №52 мектеп-гимназиясында зейнеткер, жедел қызмет департаментінің полиция майоры Абдисалам Бедебаевпен кездесу болды. Кездесуге мектебіміздің 10-сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Бұл кездесу балалар мен жасөспірімдердің өздеріне тиесілі ерекше қорғалу және көмек алу құқықтарын сезіну, құқықтық қағидаларды қалыптастыру мақсатында өтті. Абдисалам Бедебаев бала құқығын қорғауға қатысты ой-пікірлерін еңбек жолымен, өмірде көрген-түйгенімен байланыстырып, мысал келтіре отырып айтып берді. Кездесуге қатысушылар да көкейлерінде жүрген сауалдарымен, пікірлерімен бөлісті. Мұғалімдер ұсынған жағдаяттық мәселелердің шешу жолдарын оқушылар құқық әрі адамгершілік тұрғысынан саралап берді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено