"Қоғамдық ортадағы тәртіп пен жолда жүру ережелері" дәріс сабағы
14.11.20198 орта мектебінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаментінің өкілдерінің қатысуымен 5-7 сынып оқушыларына "Қоғамдық ортадағы тәртіп пен жолда жүру ережелері" тақырыбында дәріс сабақ өткізілді. Қыс мезгілінде ауа райының күрт өзгеру салдарынан болатын түрлі келеңсіз оқиғалардың алдын-алу мақсатында өткізілген бұл іс-шара - оқушылардың қоғамдық ортадағы,сонымен қатар жолда жүру ережелерінің бұлжытпай орындалуын баса назарға алуымен ерекшеленді.Оқушылар өздерінің көкейде жүрген сауалдарымен бөлісіп, нақты жауаптарын алды." Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел - құл болмайды" деген тілге жүйрік, сөзге шешен хас батырымыз Б.Момышұлының қанатты сөздерімен дәріс сабағымыз аяқталды.


Community discussions
Обсуждений не найдено
