Жалпы республикалық бірыңғай іс-шара интерактивті сабақ «Адалдық сағаты»

06.11.2019

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 6 қарашада №52 мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушыларына арнап Жалпы республикалық бірыңғай іс-шара интерактивті сабақ «Адалдық сағатын» өткізді. Бұл тағылымды, мазмұнды іс-шараны «Нұр Отан» партиясы Бірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Ш.Қожахметов  жүргізді. Ел болашағы жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар турасында ақпарат беріп, адалдық, сенім, әділдік, парасаттылық мәселелері туралы ойын ортаға салды. Сондай-ақ 100 жаңа есім қатарына енген адал азамат, адам өмірінің арашасы болған автобус жүргізушісі, «Адалдық сағатының» қонағы  Әлібек Бағдәулеттің бейбіт өмірдегі ерлігі жөнінде айтты.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено