Назарбаев Университеті жанында өткен "STEM- білімдегі инновация" тақырыбындағы республикалық олимпиадасынан оқушыларымыз жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленді
02.11.2019Назарбаев Университеті ұйымдастыруымен "STEM-БІЛІМДЕГІ ИННОВАЦИЯ" тақырыбында өткен бірінші республикалық олимпиадасына барлығы 140 команда мен 500-ге тарта оқушы қатысса, оның ішінде 87 команда елордалық мектептерден қатысты. Олимпиада төрт бағыт бойынша өтті: 1.Бағдарламалау
2. 3Д модельдеу
3.Ақылды үй және оның ішіндегі бары
4. Инженерлік математика
Аталмыш сайыс қорытындысына сәйкес, астаналық мектептер 15 жүлделі орын иеленсе, оның ішінде мектебіміздің командасы ІІ орын және ІІІ орын иеленді. Жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі , жас маман Асан Елдосқа шығармашылық табыс, еңбегіне жеміс тілейміз! Қатысушы оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Community discussions
Обсуждений не найдено
