№84 мектеп-лицейінің 1-сынып ұжымы Республикалық би сайысына қатысып гран-при иеленді
31.10.2019Сахынаға шығу – ерік-жігер мен мол дайындықты қажет етеді, әсіресе 1-сынып бүлдіршіндері үшін бұл үлкен ерлік пен ұжымдық жұмыстың нәтижелілігінің белгісі. Осы батылдығының арқасында 1-сынып оқушыларынан құрылған «АЙЯ» би тобы Республикалық Көпжанрлы Шығармашылық Фестивалінің би сайысына қатысып, гран-при иеленді. Ансамбль жетекшісі Разиулина Айжан Нурланқызы өз кезегінде екі ай ішінде мектеп ұжымымен тығыз байланысып, жеңіске жетуге мол үлес қосқан ата-аналарға алғыс білдіріп, жеңісімен құттықтады.

Community discussions
Обсуждений не найдено
