Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорының Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы Әлия Назарбаева, мектебімізде балалар мен ересектер арасында болып өткен «Болашақтың халықаралық эко-көпірі» форумына қатысты!
19.04.2019Бүгін, 18-19 сәуір мектебімізде балалар мен ата-аналарға арналған «Болашаққа экологиялық көпір» халықаралық экологиялық форум өткізіп, жан жақтан аудандардан келген қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, энергияны үнемдеу және Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіпті дамыту саласындағы өзекті мәселелерді шешуге өз көзқарастарын ұсынады. Жас спикерлер өз баяндамаларын «Эко-Әлем. Бұл әлемді кім өзгертеді? » атты елдегі экологиялық ілгерілету, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру үшін балалар мен жастарды белсенді ету мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді.Ұйымдастырушы ретінде келушілер үшін екі күндік кешенді бағдарлама дайындап, экологиялық қолөнер бұйымдарының көрмесінен бастап тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауға арналған ақылды әзірлемелер дайындады.
Сондай-ақ форум аясында елорданың барлық оқу орындары қатысатын «Эко-шақыру» республикалық байқауының алдын-ала қорытындылары шығарылды. Байқау экологиялық мәдениетті дамытуға, республикада қатты қалдықтарды бөлек жинауға ықпал етуге бағытталды.
Community discussions
Обсуждений не найдено
