Құттықтаймыз!
15.10.2019Нұр-Сұлтан қаласы №63 мектеп-гимназиясының 6 «Д» сынып оқушысы Даутова Айшолпан Түркия мемлекетінің Аланья қаласында бірінші халықаралық орындаушылар «Global music competition» байқауына қатысты. Байқау: ақын, жазушы, ағартушы ұлы Абайдың құрметіне орай ұйымдастырылды. Конкурс барысында Абайдың шығармалары орындалды. Байқауға Грузия,Түркия, Болгария және Қазақстан мемлекеттері қатысты. Біздің Айшолпан қызымыз эстрадалық вокал номинациясында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
Community discussions
Обсуждений не найдено
