"Денсаулық күні"

02.10.2019

"Денсаулық күніне" орай мектебімізде 1-сынып ата-аналарының арасында "Көңілді старт" сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты-ата-аналардың өздерінің денсаулықтарына көңіл аударту, оның маңыздылығын, құндылығын дәріптеу, мектеп өміріне белсене араластыру.
Қатысушы ата-аналар санына қарай 4 командаға бөлінді. Сайыс денені қыздыратын жаттығулардан басталды. Одан әрі әр команда өздеріне берілген тапсырманы жан-тәнімен орындап, аса белсенділік танытып отырды. Сайыстың қорытындысы шыққанша, ата-аналарға флешмоб ұсынылып, керемет көңіл-күй сыйланды. Жеңімпаз командалар мадақтау қағаздарымен марапатталынды.
Сайысты аса шеберлікпен ұйымдастырған Амиров Нұрсұлтан мен Орақбаева Дамираға, музыкалық сүйемелдеуші Жумабеков Рустемге алғыс білдіреміз.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено