№4 мектеп-гимназиясында мектепшілік сайлау өтті
24.09.2019 Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы №4 мектеп-гимназиясында мектепшілік сайлау өтті.8-10 сынып оқушылары «Мектеп Ұланбасы» атағына лайық деген үміткерге өз дауыстарын берді.Сайлау тиісті талаптарға сай өткізілді. Барлығы 270 дауыс берілді. Соның ішінде 77 дауыс,яғни 28,5%-бен алға озып 8«Г» сынып оқушысы Мүбәрак Алмас «Мектеп Ұланбасы» тағайындалды. Біз Мүбәрак Алмасты осы атағымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта мектебімізде «Ұлықтау» рәсімі өтетінін хабардар етеміз.
Community discussions
Обсуждений не найдено
