"Абай-дана, Абай - дара"

11.09.2019

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№78 мектеп-гимназия» КММ

2019 жылдың 11 қыркүйек күні  ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай  «Абай-дана, Абай-дара» атты кеші өткізілді. Іс-шараға ҚР еңбегі сіңген қоғам қайраткері, жазушы, «Тарихи Атамұра» қоғамдық бірлестігінің президенті, көптеген ордендердің иегері -  Үзбен Құрманбай, «Мұқағали» журналының өкілі, Қазақстан Жазушылар Одағының Астана қаласындағы филиалының қызыметкері-  Тлепбердиев Ерқожа Алғожаұлы, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының  мүшесі, Абайтанушы, республикалық, отбасылық жазба ақындар мүшәйрәсінің жеңімпазы - Алмахан Мұхаметқалиқызы, , ақын, журналист Серік Қалиев    және Қазақстан Республикасы  театр және кино режисері Дунгенов Мұхтар Диқанәліұлы қатысты. Оқушылар Абайдың қара сөздерін, бірнеше тілге аударылған өлеңдерін оқып, әндерін орындады. Қонақтар өткізген іс-шараға өз ризашылықтарын білдіріп, одан әрі Абай жайында көптеген мәліметтер айтып өтті.

                                                                                                                         

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено