Ұлы даланың жеті қыры - түп тамырымызды жете танудың жолы

10.04.2019

Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында 10.04 күні Рухани жаңғыру бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеты қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында мектептің ұлағатты ұстазы Шайкелов Қ.Ш. және жаңашыл, шығармашылығы мол тарихшы Шекеров А.С. «Ұлы даланың жеті қыры-түп тамырымызды жете танудың жолы» атты оқушылар конференциясын 10-шы сыныптар арасында ұйымдастырып өткізді.
10 сынып оқушылары: Өтеубай Р., Кубаисова А., Бектұрсынова М., Қомшабаев А., Аманбай А., Өскенбаева М. Ұлы даламыздың жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың даналығы мен батырлығына, жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән беріліп оның қолға үйретілуі, атқа міну мәдениетінің де негізі біздің елде қаланғаны туралы баяндап, кең даламыздың байлығы металл, алтын өңдеу технологиясының терең тарихына тоқталып өтті. Сондай-ақ Түркі әлемінің бесігі болып Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көзделді. Оқушылар аузымен тіпті Қазақ елінің сұлу, нұрлы табиғаты да елеусіз қалмады. Конференция өте жоғары деңгейде өтті.

 







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено