2019 жылғы 13-17 мамыр аралығында №65 мектеп-гимназиясында 10-сынып оқушыларына арналған алғашқы әскери дайындық пәнін қорытындылау мақсатында дала оқу-жаттығу лагері өткізілді.

17.05.2019

2019 жылғы  13-17 мамыр аралығында №65 мектеп-гимназиясында   10-сынып оқушыларына  арналған алғашқы әскери дайындық  пәнін қорытындылау мақсатында дала оқу-жаттығу лагері өткізілді.

Биылғы жылы оқу-жаттығу лагеріне біздің  мектептің оқушылары  ғана емес, №20, 47, 35, 60, 61, 80 және 65 мектептерінің 10-шы сынып оқушыларыда  қатысты.

Далалық  оқу-жаттығу лагерлерін  ұйымдастыруды жалпы әскери дайындық нұсқаушы-ұйымдастырушы полковник А.К.Ташубаевқа тапсырылды.
     Оқушылар арасында үлкен қызығушылық  тудыратын мазмұнды, практикалық  сабақтар өткізілді.
    Күнделікті таңертеңгі жаттығулар, фронталдық әдістерді орындау, оқу-жаттығу топтарының салтанатты марштарын өткізу, күндізгі кезекшілік және  мектеп алаңының қауіпсіздігін қадағалау, жалпы қорғаныс жиынтығын кию, қаруды бөлшектеу және құрастыру, қару-жарақтармен ату,  оқу-жаттығу жиыны оқушыларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күнделікті өмірімен танысуға мүмкіндік берді.
     Ауған соғысына қатысушы  №35 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  «Қызыл Жұлдыз», «Қарулы Күштері» орденінің иегері, барлаушы жауынгер – Бейсенов Жарқын Қайрбаевич әлемдегі қазіргі жағдайды ескере отырып, заңсыз қарулы топтармен ұрыс қимылдары түрлерінің өзеруіне байланысты тактиқалық жаттығулар өткізді.
     №60 мектеп-лицей мұғалімі , майор Танекенов Әнуарбек Тандыбайұлының ерлігі мен құрметіне, тәрбие жұмысына қатысты жоспарлы түрде кездесу өткізілді.
      «Отан қорғаушы» монументі алаңында Қорғаныс істері Департаментінің және  «Шығыс» білім басқармасының  өкілдерінің қатысуымен оқу-дала жаттығу  лагерінің салтанатты аяқталуы өтті.
     Оқу-жаттығу  лагерінің  қорытындысы бойынша оқу, жоғары практикалық нәтижелері үшін 10 «А»  және 10 «Ә»  сынып оқушылары Ақан  Салауат, Зал Бердібек, Мұсатай Дулат дипломдарымен марапатталды.


        



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено