«Тарих ізімен»

08.05.2019

          Жастар жылы аясында «Жалынды жастар» эстафетасын іске асыру жоспарына сәйкес «Тарих ізімен» бағыты бойынша 3-мамыр күні №49 орта мектептің 5 «Ғ» және 6 «Г» сынып оқушылары және жетекшілері Басщегулова Д. Байдрахманова А. Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-батысына қарай 130 шақырым жерде орналасқан «Қорғалжын мемелекеттік табиғи қорығының музейіне» саяхатқа барды. Оқушыларымыз Қорық тарихы туралы деректі фильм көріп, саяхат-орталықты аралады. Онда қорықтың жалпы аумағы,  жан жануарлар мен құстардың түрлері, табиғаты көрнекті құралдармен бейнеленіп, тарихы жайлы мәліметтер қойылыпты. Жарты ғасырлық тарихы бар қорық әлемдегі ерекше бақылауды талап ететін Рамсар Конвенциясының «А» және ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Қорықта Қызыл Кітапқа енген құстардың 32, жан жануардың 40 түрі мекендейді. Ең атаулысы қорық брендісіне айналған қызғылт қоқиқаз. Бұл өте сәнді құс.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено