"№48 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КҮНІ

18.05.2019

Бүгін мектепте үлкен той, мереке. «Сан қыранды самғатқан алтын ұя» мектебіміздің туған күні ерекше қуаныш пен шаттыққа бөледі. Сценарий жоспарында көрсетілген барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Мерекенің ашылу салтанатын мектеп директоры Зауре Жакановна ашып беріп, «Мұрагер» домбыра оркестрінің өнерімен аяқталды. Лицей күнінде ата-аналар, ұзтаздар, оқушылар бірлесе әсерлі өтуіне мүмкіндік жасады.  2018-2019 оқу жылында  жетістікке жеткен оқушыларға және олардың ата-аналарына құрмет көрсетілді. Олардың қай-қайсысы да халықаралық сайыстарда мектеп  туын биікте желбіреткен дарынды жастар. Сондай-ақ, мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласып, лицей ұжымына қолғабыс етіп жүрген ата-аналар да назардан тыс қалған жоқ. Олар да арнайы алғыс хаттарға ие болды.  Акт залында «Әрбір бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет! » атты жұлдыздар шеруі өткізіліп, өнер, спорт, ғылым, білім жүлдегерлері мен ата-аналары тамаша мерекелік іс-шараға куә болып, алғыс хаттармен марапатталды. «Білімді ұрпақ – қашан да ел тірегі» деген сөзге жүгінсек,  біздің мектептен түлеп ұшқан талай білімді жас Отанының дамуына зор үлес қосатыны шүбәсіз.  Ия, мектеп барлық оқушының, ұзтаздардың, ата-аналардың есінде мәңгі сақталады. Жап-жарық сынып бөлмелері, қатал ұзтаздар, білікті басшылар, ата-ана талабы.....бәрі бәрі әр тұлғаның жүрегінде болары сөзсіз. Бүгінгі мектебіміздің жаңа бейне, келбеті қуантады. Бәрімізді шығармашылық, рух пен білімге жетелейтін ғажап мекен жасай берсін!









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено