«15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні» мерекесінде ұйымдастырылған іс-шаралардың ЕСЕБІ

16.05.2019

Білім басқармасының 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 19-32-52.166  хатына сәйкес  №72 мектеп-лицейінде «15 мамыр – Халықаралық  Отбасы күні» күніне жоспар бекітіліп, іс-шаралар ұйымдастырылды. «Отбасы –бақыт мекені» кітаптар мен суреттер көрмесі, «Отбасы-өмір аясы» ата-аналар жұмысынан көріністер, «Кітап оқитын отбасы-сауатты Қазақстанның негізі» тақырыптарында стенд әзірленді.

Жоспарға сәйкес әртүрлі форматта үлгілі отбасылармен оның ішінде оқуда, әртүрлі салаларда жетістіктерге жеткен балалары бар отбасыларға қошемет көрсетіліп, кездесулер ұйымдастырылды. 

«Менің отбасымдағы құндылықтар» тақырыбында әр сыныптарда видеролик акциясы өтті.5-8 сыныптар арасында ата-аналардың ұйымдастыруымен «Әке көрген оқ жонар», «Шеше көрген тон пішер» тақырыбында шебер сыныптар өтті.

Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.Осы мақсатта 15.09 күні 1-11 сыныптар арасында «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

15.05 күні  3 сыныптар арасында дене шынықтыру мұғалімдері көмегімен «Әкем, анам және мен» тимбилдинг спорттық сайысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 15-ші мамырда  жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено