ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ
16.05.2019ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектепте аталмыш мереке қарсаңында бірнеше іс-шара болып өтті. Солардың бірі, маңызды шара ретінде өткен "Ата-аналар комитеті төрайымдары" үшін жасалған Мектеп директорының 2018-2019 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша есеп беру жиналысы. Мектеп директоры Алмагүл Тлектесқызы Сегізбай ата-аналарға оқу-тәрбие жұмысы, әлеуметтік қызмет көрсету шаралары, мектеп бюджетінің пайдалы жүзеге асыру, мектеп шаруашылық саласындағы жолға қойылған жұмыстар төңірегінде толық есеп берді. Жиналыс күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Т. С. Шингужинова екінші жартыжылдық бойынша Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстарымен таныстырды. Яғни, оқу-тәрбие үдерісіндегі түрлі шараларды ұйымдастыруда Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің атқарған ауқымды жұмыстары сараланды. Жиналыстың үшінші бөлімі мереке қарсаңындағы марапаттаумен жалғасын тапты. Мектеп өмірідегі елеулі еңбектері үшін он бір ата-ана Мақтау грамотасымен, жеті ата-ана «Үздік ата-ана» төсбелгісімен марапатталып, үздіктер құрметіне ән жолданды.
Жиналыс соңында мектеп директоры Алмагүл Тілектесқызының «Құрметті ата-аналар! Бүгін Халықаралық отбасы күні, ал біз сіздермен бірге бір отбасы мүшелеріміз деп есептеймін, сондықтан бүгінгі отбасылық кездесуімізден ескерткіш болып қалсын» деп, естелікке фотосуретке түсуге шақырды. Бүгінгі жиналыстың да маңыздылығы осы ойлармен байланысты екендігі шындық

Community discussions
Обсуждений не найдено