Ата-аналар конференциясы
16.05.2019
2019ж. 15.05. күні сағат 18.30.-де №15 мектеп-лицейінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа ата-аналар, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері және Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасы Тәрбие бөлімінің басшысы Сарамбетова Гульфара Бекболатқызы қатысты.
Мектеп директоры Жаркенов Бауыржан Капарұлы бүгінгі ата-аналар жиналысының бағдарламасымен таныстырып өтті. Бағдарлама бойынша ата-аналарға мектепте атқарылған жұмыстар бойынша есептер берілді.
2018-2019 оқу жылы бойынша мектеп директоры Жаркенов Бауыржан Қапарұлы «Бюжеттің орындалуы» жөнінде есеп берді, онда осы оқу жылында
Мектептің «Қамқоршылар» кеңесінің төрайымының орынбасары Северина Ирина Васильевна осы оқу жылында атқарылған жұмыстарының есебін және оған кеткен қаражаттың мөлшерін айтып өтті.
Директордың ақпараттық технологиясы бойынша орынбасары Муханова Джанна Шарифуллаевна оқушылардың оқу процесінің қорытындысы бойынша есепті айтып өтті. Білім сапасы, ҰБТ, жаңартылған білім беру жағдайындағы жалпы жұмыс үрдісі, мектеп басшысына қойылатын талаптар да күшейіп отырғаны туралы мәселелер қозғалды.
Директордың тәрбие ісінің орынбасар Молдабекова Жанар Серікқызы өз есебінде оқушылардың тәрбие процесінің қорытындысына және мектептік түлектердің бітіру кештерін өткізу туралы және де оқу жылының басында Тәрбие жұмысы әртүрлі мазмұнды, түрлі формада ұйымдастырылып, оқушы бойына ұлттық салтымызды дарыта отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жүзеге асуда. Әрбір жеке тұлғаға кешенді тәрбие беру үшін зерттеу жұмыстары жүргізілгенін айтып өтті.
Оқушыларды мектепте тамақтануды ұйымдастыру, ақшасыз төлем жасау, ас мәзірі, бейнебақылау. Туралы айтып шықты. Сосын мектеп жанындағы жазғы лагерь туралы мәселелерді бастауыш бөлімінің оқу ісінің орынбасары Қалиева Алтынай Мәшенқызы айтып шықты.
Мектептік оқумен қамту қаражатын пайдалану және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсету бойынша есепті мектебіміздің әлеуметтік педагогы Тасилова Лейла жасады.
«Зорлыққа жол - Жоқ!» тақырыбында Ниязбекова Майра Ғалымжанқызы тұрмыста кездесетін, ата-ана тарапыннан жиі зорлық-зомбылық көретін балалардың болатынын, оларға отбасы мерейі керек екенін айтты және де «Сенім» телефондарымен таныстырып өтті.
Жиналыс соңында ата-аналарға Білім және ғылым министрлігінің ата-аналар жиналысына арнап жасаған бейне-роликтер көрсетіліп қосымша ата-аналарға жаднамалар таратылды. Жиналыс соңында ата-аналар мектеп әкімшілігіне маңызды сұрақтар қойылды. Мектеп директоры ата-аналардың сұрақтарына жауап берді, сонымен бірге туындаған әр мәселені тек қана отбасы және мектептің өзара тығыз қатынаста ғана шешуге болатынын айтып өтті.
Конференция соңында ата-аналар мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін айтты.
Ата-аналар мектеп директорына және де ұжымға атқарылған жұмыстарына оң баға беріп, ел игілігі жолындағы маңызды істеріне табыстар тіледі.

Community discussions
Обсуждений не найдено
