80 мектеп-гимнаия оқушылары "Шарапат" қарттар үйіне қайырымдылық акциясын жасады

12.04.2019

"Қарты бар үйдің қазынасы бар " деп, ежелден үлкендерді сыйлап өскен халықпыз. Алайда, отыз мыңға жуық адам  амалсыздан осы интернат-үйлерді паналайды екен, еліміздегі қарттар үйінің саны 87-ге жетіпті. Басқа қырынан қарасақ, қарттар үйінің болғаны да жөн. Себебі ешқандай ағайын -туысы, бала-шағасы жоқ қарттар сол мекенге барып орналасады. Иə, бұл өз алдына бөлек əңгіме. Қазіргі қоғамда саналы адамдардың өзі ата-анасын қарттар үйіне тапсыруы əбестік екені сөзсіз. Десе де, бұл қасіреттің алдын алу, жас ұрпақ мына біздің қолымызда! #80 мектеп-гимназияның 5-7 сынып оқушылары елордадағы "Шарапат" қарттар үйіне қайырымдылық акциясын жасап, ата-əжелерімізге шағын концерт пен тəттілерін ұсынып, жақсы көңіл-күй сыйлады. Ол кісілер тарапынан алғыс, марапаттауларын алып, қуанып қайттық!


  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено