Jіgіtke jetі óner de az
03.05.2019 2019 jylǵy 3 mamyrda № 68 mektep-gımnazııasynda QR Qarýly Kúshterіnіń 27 jyldyǵy qarsańynda «Jіgіtke jetі óner de az» atty jіgіt sultany baıqaýy bolyp óttі. Baıqaý barysynda jіgіtterdіń boıyndaǵy kúsh-jіger, ónerlerіmen qatar bіlіm júıesіndegі talpynystary da anyqtaldy. Dúbіrlі dodada mektebіmіzdіń bіlektі de bіlіmdі 6 jіgіtі baq synasty. Talapkerler «Ózіmdі tanystyrsam», «Ónerіn kórsetý», «Kúsh atasyn tanymas», «Burysh jasaý», «Suraq-jaýap», «Oramal tastamaq» sııaqty 6 kezeń boıynsha óz ónerlerіn ortaǵa saldy. Baıqaý qorytyndysy boıynsha bas júldenі Qarasaı Temіrlan, I oryndy Alımbaev Abzal, II oryndy Baıǵonys Jalǵas jáne III oryndy Sovet Damır, Baımýkanov Ahmet, Qantaı Dıas ıelendі. Jeńіmpazdar mektep maqtanyshtary, óz qatarlastyry men іnі-baýyrlaryna úlgі bolyp, keleshekte Elіmіzdіń tutqasyn ustaıtyn er azamaty bolatynyna senіmdіmіz.
2019 жылғы 3 мамырда № 68 мектеп-гимназиясында ҚР Қарулы Күштерінің 27 жылдығы қарсаңында «Жігітке жеті өнер де аз» атты жігіт сұлтаны байқауы болып өтті. Байқау барысында жігіттердің бойындағы күш-жігер, өнерлерімен қатар білім жүйесіндегі талпыныстары да анықталды. Дүбірлі додада мектебіміздің білекті де білімді 6 жігіті бақ сынасты. Талапкерлер «Өзімді таныстырсам», «Өнерін көрсету», «Күш атасын танымас», «Бұрыш жасау», «Сұрақ-жауап», «Орамал тастамақ» сияқты 6 кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Қарасай Темірлан, І орынды Алимбаев Абзал, ІІ орынды Байғоныс Жалғас және ІІІ орынды Совет Дамир, Баймуканов Ахмет, Қантай Диас иеленді. Жеңімпаздар мектеп мақтаныштары, өз қатарластыры мен іні-бауырларына үлгі болып, келешекте Еліміздің тұтқасын ұстайтын ер азаматы болатынына сенімдіміз.




Community discussions
Обсуждений не найдено