Ел мен ердің жеңісі
08.05.2019Мамыр айының 6-шы жұлдызы күні 1 «Б» сыныбында «Ел мен ердің жеңісі» атты тәрбие сағаты өтті. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, оқушыларды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу мақсатында өткен тағылымды сабақ оқушыларға үлкен ой салды. «Соғыс» адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз екенін ұқты. Жеңістің аяқталғанына 74 жыл толды. Ешкім де, ешқашанда ұмытылмақ емес. Оқушылармен топтық, жұптық жұмыстар арқылы шығармашылық жұмыстар өтті. Отан, Қазақстан, Жеңіс сөздеріне анықтама беріп,ойтолғау жасаған оқушылар Отанымызды сүйіп, қастерлеуге тәрбиеленді. Оқушылар керемет ой түйді. Ел-жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін жас ұрпақтарымыз көбейе берсін!


Community discussions
Обсуждений не найдено