Мектептің бастауыш блогында " оқыту үдерісіндегі кедергілерді анықтау. Білім берудегі кедергілерді жеңу мақсатында педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау".

23.04.2019

Мектептің бастауыш блогында " Оқыту үдерісіндегі кедергілерді анықтау. Білім берудегі кедергілерді жеңу мақсатында педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау". тақырыбында тренинг өтті. Коучингпен тренингті мектеп тренері Тунгишбаева Айжан Қорабаевна ұйымдастырды.

Тренинг басында коллаборативті орта құру мақсатында психологиялық релаксация өткізілді. Тренинг барысында "Шеңбер философиясы" әдісі, "Керемет үштік" әдісі, "Мозайка"техникасы қолданылды. Жоғарыда аталған педагогикалық құралдарды пайдалану мақсатқа жетуге мүмкіндік берді.Мұғалімдер оқудағы түрлі кедергілерге талдау жасап, оларды жеңу жолдарын ұсынды. "Шеңбер философиясы" әдісі үлкен тәжірибесі бар мұғалімдерге практикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді. Ал жас мұғалімдер өз кезегінде креативті, қызықты идеяларды ұсынды.

Тренинг мынадай тілектерімен аяқталды: "...бұл ретте, жұмыста және өмірде тепе-теңдікті сақтай отырып, барлық мүмкін кедергілерді еңсере отырып, мақсаттарға қол жеткізу. Тренинг өз мақсатына жетті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено