Жалпы орта білім беретін мектептердің аудандық әкелер Слетінің ҮНДЕУІ
13.04.2019Мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі мен мәртебесін арттыру, отбасы мәртебесін нығайту, рухани-адамгершілік дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды жаңғырту және сақтау.
Іс-шараның ұйымдастырушылары-Нұр-сұлтан Қалалық білім басқармасы. Байқоңыр ауданының мектептері қатысты №4, 5, 8, 10, 16, 21, 23, 27, 31, 34, 49, 54, 55
Талқылау қорытындысы бойынша қалалық әкелер слетіне өкіл жіберіледі.
Біз, жалпы орта білім беретін мектептердің II қалалық әкелер Слетінің қатысушылары, қаламыздың барлық әкелеріне өтініш білдіреміз!
Біз, әкелер слетінің қатысушылары :
- Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қала мектептерінің әкелер Кеңесінің қызметіне белсенді қатысуға;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің мектебім» жобасын іске асыруда мектепке көмек көрсетуге;
- Құқық бұзушылықтың, балалар және жасөспірімдер қылмыстылығының, кәмелетке толмағандар арасындағы маскүнемдік, нашақорлықтың алдын алу мақсатында «қатер тобындағы» балаларға тәлімгер болуға;
- «Әкелер мектебінің» кәсіби бағдарлау және балалар мен жасөспірімдердің сабақтан тыс уақытта қамтылуы бойынша жұмысын бастауға;
- Осы Резолюцияны әрбір білім беру ұйымына жеткізуге шақырамыз.
«Әке» сөзі мақтанышпен айтылатын сөз. Әке – отбасының сүйеніші, іргетасы. Құрметті әкелер, балаларымызға үлгі бола білейік!
Community discussions
Обсуждений не найдено
